13
январь
2025
БІЗ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ
БІЗ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 13-қаңтар күні 5 «А» сыныбында "Біз - сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" атты сынып сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылар бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру; Оқушылар бойына әділдік, адалдық құндылықтарын қалыптастыру.
Тәрбие сағатының басында "Көшедегі қауіпті заттардан қалай сақтану керек?" тақырыбы бойынша қауіпсіздік сағаты өткізілді. Оқушыларға суреттер көрсетіліп, "Көшедегі заттардан қалай сақтануымыз керек?", "Көшедегі заттардан сақтану бойынша досыңызға айтар кеңесіңіз?" сұрақтарына оқушылармен талқыланып, жадынамалар үлестірілді.
"Стоп-кадр" әдісі арқылы "Сыбайлас жемқорлық" атты бейнеролик көрсетіліп, бейнероликтің жалғасын оқушылар болжам түрінде талқылап, айтты.
Сыбайлас жемқорлыққа анықтама беріп, "Сыбайлас жемқорлықтың салдары" бойынша түсіндіріп, айтылды. Кейін, топтық жұмыс орындалды.
Сынып жетекші: Тоқаев Н. Л