27
январь
2023
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ — САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 27-қаңтар күні мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында физика және математика пәндерінің мұғалімдері Б.М. Айпейсова мен П.О.Оңғарбаеваның ұйымдастырған «Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы функционалдық сауаттылықты арттыру» тақырыбында семинар-коучинг өтті. Коучинг барысында мұғалімдер топқа бөлініп, топтық жұмыстар жасады. Сонымен қатар топтық жұмыс кезінде кім қандай шебер болды,«АЛТЫН МИКРОФОН» әдісі арқылы өзара тәжірибемен бөлісіп, әдістемелік қоржынға аларлықтай жоғары деңгейде жұмыстар көрініс тапқанын айтып, алғыстарын жаудыртты.
Мақсаты: функционалдық сауаттылықты арттыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.




