22
январь
2025
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ПІКІРТАЛАС ӨТТІ
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ПІКІРТАЛАС ӨТТІ
2025 жылдың 22 қаңтарында Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектептің 9 «А» сыныбында «Таза Қазақстан» жобасы аясында ел аумағындағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында қандай шараларды қолға алу керектігі туралы АПФ форматында пікірталас өтті.
Іс-шара барысында екі фракция өз позицияларын қарар бойынша қорғап, экологияны сақтау мен қалпына келтіру бағытындағы маңызды бастамаларды талқылады.
Пікірталас барысында фракциялар келесі сұрақтарды қарастырды:
- Қоқысты сұрыптау және қайта өңдеу жүйесін жетілдіру;
- Жасыл аймақтарды көбейту мен орман алқаптарын сақтау;
- Өндірістік қалдықтарды бақылау және табиғатты қорғау заңнамасын күшейту;
- Экологиялық білім мен мәдениетті дамыту.
Әр топ өздерінің аргументтерін деректермен және нақты мысалдармен негіздеп, аудиторияны сендіруге тырысты. Оқушылар қоршаған орта мәселелерін шешуге шығармашылық көзқарастарын көрсетіп, қоғамның әрбір мүшесінің экологиялық жауапкершілігі туралы ойларын ортаға салды.
Шараның қорытындысы бойынша, барлық қатысушылар экологияны сақтау үшін бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті. Мұндай іс-шаралар жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, табиғатқа ұқыпты қарауға шақырады.
и ещё 3