Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
26
январь
2025

Ш.Ф. ИСАТАЕВ – ҮЗДІК ӘСКЕРИ ЖЕТЕКШІ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДЕГІ ЖЕТІСТІК:
Ш.Ф. ИСАТАЕВ – ҮЗДІК ӘСКЕРИ ЖЕТЕКШІ
26 қаңтар 2025 жылы Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №132 жалпы орта білім беретін мектебінде «Спорт жұлдыздары» журналының бас редакторы М.Тасқалиевтің ұйымдастыруымен Алғашқы әскери технологиялық дайындық пәні мұғалімдері арасында пневматикалық винтовкадан ату және автоматты жартылай бөлшектеу мен қайта жинаудан республикалық турнир өтті.
Турнирдің басты мақсаты – Алғашқы әскери технологиялық дайындық пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру, ептілікке баулу және тәжірибе алмасу болды. Іс-шараға Шымкент қаласы, Түркістан, Жамбыл, Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Алматы, Ақтау және Атырау облыстарынан әскери жетекшілер қатысты.
Аталған іс-шараға Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің алғашқы әскери технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Ш.Ф. Исатаев турнирде жоғары шеберлік көрсетіп, жүлделі 2-орынға ие болды. Ол «Үздік АӘТД жетекшісі» төсбелгісімен және ҚР Қорғаныс министрлігінің дипломымен марапатталды.
Бұл жетістік мектебіміздің мәртебесін арттырып, әскери-технологиялық дайындық пәні мұғалімдерінің беделін нығайтуда үлкен үлес қосты.












Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив