Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
31
январь
2025

АБАЙДЫ БІРГЕ ОҚИМЫЗ!

АБАЙДЫ БІРГЕ ОҚИМЫЗ!
📚 2025 жылдың 31 қаңтар күні Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған сыныптан тыс іс-шара өтті.
📖 Іс-шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Н.Л.Тоқаев ұйымдастырып, 5 «А» сынып оқушылары белсенді қатысты. Шара барысында оқушылар Абайдың қара сөздерінен, өлеңдерінен үзінділер оқып, шығармашылығын бейнелейтін постерлер әзірлеп, қорғады. Сонымен қатар, Семей мен Жидебайдағы Абай мұражайларына виртуалды саяхат жасап, ақынның өмірі мен мұрасына терең үңілді.
🎯 Іс-шараның мақсаты – Абай поэзиясындағы құндылықтарды жас ұрпақ санасына сіңіру, рухани мұрасын дәріптеу және классикалық әдебиетке деген қызығушылықты арттыру.
✨ Ұлы Абайды бірге оқып, оның асыл мұрасын болашақ ұрпаққа жеткізейік! 







и ещё 2




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив