10
февраль
2025
ТУЫМ – ТЕҢДІГІМ, ЕЛТАҢБАМ – ЕЛДІГІМ, ӘНҰРАНЫМ – АЙБЫНЫМ
ТУЫМ – ТЕҢДІГІМ, ЕЛТАҢБАМ – ЕЛДІГІМ, ӘНҰРАНЫМ – АЙБЫНЫМ
Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 8 «А» сынып оқушыларымен «Туым – теңдігім, Елтаңбам – елдігім, Әнұраным – айбыным» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақ ҚР Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталып, шаттық шеңберімен жалғасты. Оқушылар мемлекеттік рәміздердің тарихымен терең танысып, сұрақ-жауаптар мен қызықты ойындарға белсенді қатысты.
Бұл сабақ оқушылардың ел рәміздеріне деген құрметін арттырып, отансүйгіштік сезімін нығайтуға ықпал етті. 
