Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
12
март
2025

ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ

ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Еңбегі адал жас өрен» жобасы шеңберінде   8-наурыз – Халықаралық әйелдер мен қыз-келіншектер мерекесіне орай 7-8-сыныптар арасында жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңке барысында оқушылар өз қолдарымен дайындаған тәттілер мен бәліштерді ұсынды. Шара оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын оятып қана қоймай, олардың қоғамға пайдасын тигізу мүмкіндігін көрсетті. Жәрмеңкеден түскен қаражат қайырымдылыққа жұмсалды. 
Қайырымдылық – адамгершіліктің белгісі, жәрмеңке балалар арасында жанашырлық, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету секілді маңызды құндылықтарды тәрбиелеуге ықпал етті. Сондай-ақ, жәрмеңке оқушылардың қарым-қатынас, кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға арналған тамаша мүмкіндік болды.
Мектеп ұжымы мұндай шараларды ұйымдастыру арқылы оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасап, олардың қоғамдағы әлеуметтік мәселелерге бей-жай қарамауына үлгі болуда.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив