Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
19
март
2025

«ЖАҢАРУ КҮНІ»: АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫ

«ЖАҢАРУ КҮНІ»: АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ АКЦИЯСЫ
🌱 19 наурыз – табиғаттың жаңарып, тіршіліктің оянатын ерекше күні. Осыған орай, Наурызнама онкүндігі іс -шара жоспарына сәйкес Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде  ағаш отырғызу шарасы өтті.  
Іс-шараға мектеп директоры Сихамбекова Жансұлу Абдразаққызы, «Amanat» партиясының Еңбекші аудандық филилалының атқарушы хатшысы Мақсат Жолдасбеков, ақын әрі жазушы Серік Жанәбіл, ақпарат саласының үздігі, журналист Ерсұлтан Әмірбек, ата-аналар, оқушылар және мектеп ұжымы қатысты. Бұл игі бастама табиғатты аялау, көгалдандыру жұмыстарын жандандыру және экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында ұйымдастырылды.  
⚜️Наурыз – тек жаңа жылдың бастауы ғана емес, сонымен қатар жаңару мен ізгіліктің символы. Осындай шаралар арқылы біз қоршаған ортаға жанашырлық танытып, келер ұрпаққа жасыл желекке оранған мекен қалдыруға өз үлесімізді қосамыз.  
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив