21
март
2025
ТАЗАЛЫҚ — БІЗДЕН БАСТАЛАДЫ
ТАЗАЛЫҚ — БІЗДЕН БАСТАЛАДЫ
23 наурыз – Тазарту күніне орай Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының «Қамқор» жобасы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
Мектеп ұжымы қоршаған ортаны таза ұстау мақсатында белсенділік танытып, аумақты қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Ұстаздар мен кіші қызметкерлер жұмыла әрекет етіп, мектеп ауласының көркеюіне өз үлестерін қосты.
