02
апрель
2025
ОҚУШЫЛАР КӨРМЕ ОРТАЛЫҒЫНА БАРДЫ
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында және көктемгі демалыс уақытын тиімді өткізу мақсатында Шымкент қаласы Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің 7 "Ә" сынып оқушылары Көрме орталығына барып, ерекше әсерге бөленді.
Оқушылар көрме барысында қолөнер шеберлерінің туындыларын тамашалап, ұлттық және заманауи стильде жасалған шығармалармен танысты. Сонымен қатар, суретшілердің көркемсурет жұмыстарын зерделеп, олардың жасалу техникасы мен ерекшеліктері туралы мағлұмат алды. Әр туындының астарында терең ой жатқанын түсінген оқушылар өнер әлеміне деген қызығушылықтарын арттырды.
Бұл танымдық сапар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өнерді бағалауға және рухани тұрғыдан жетілуіне зор ықпал етті. Көрме орталығынан алған әсерлерімен бөліскен оқушылар мұндай іс-шаралардың жиі ұйымдастырылуын қалайтындарын жеткізді.

