12
январь
2024
ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ ТӘРБИЕСІ
«Қыз өссе – елдің көркі,
Гүл өссе – жердің көркі» - дейді дана халқымыз. Қызға қырық үйден тыйым деп те жатады. Қыз баланы тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қазығы – әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі өнеге көрген қыз бала – бүкіл бір ұлттың тағдыры мен болашағы. Осыған орай, Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беру мектебінде жасөспірімдер арасындағы ертежүктіліктің алдын-алу, оқушы қыздарға психологиялық қолдау көрсету мақсатында «ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ ТӘРБИЕСІ» тақырыбында қыздар жиналысы өтілді. Іс-шараға мектебіміздің медбикесі Н.Т. Артухматова, мектеп психологтары А.Ш.Бахрам, Қ.Қ.Момбаева, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Н.Шланбекова және 9-сыныптың қыздары қатысты. Іс-шара барысында мамандар қазіргі таңдағы қыздар арасында белең алып жүрген «Ертежүктіліктің салдары» тақырыбында баяндама оқылып, бейнебаян көрсетіліп, қыздар арасындағы ертежүктіліктің жасөспірімдердің денсаулығына зиян екендігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жиналыс соңында сұрақ-жауап жүргізіліп, оқушы қыздар мамандардан өздерін алаңдатқан сұрақтарына жауап алды.


