14
ноябрь
2025
БАСТАУЫШ СЫНЫП АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ
Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектепте 3 «Г» сыныбында бастауыш сынып апталығы аясында бастауыш сынып мұғалімі Д.Т. Дехканбаева «Е.Шварц «Сказка о потерянном времени», лексикалық тақырып: «Береги время» тақырыбында ашық саба өтті. Сабақтың мақсаты – оқушыларға уақытты бағалаудың маңыздылығын үйрету, шығарманы талдау арқылы ой-өрісін дамыту.
• Оқушылар үй жұмысын тексеріп, әрқайсысына парақтар берілді. Онда олар «Иә» немесе «Жоқ» деп белгіледі.
• Educaplay.com платформасы арқылы оқушылардың аттары жазылған таяқшаларды таңдап, кезекпен жауап берді. Қалған оқушылар өз жауаптарын тексерді.
• Шығарма жанры анықталып, Петя Зубов кейіпкерін сипаттау жұмысы жүргізілді: оқушылар оның мінезін сипаттап, соңында қалай өзгергенін талқылады.
• Сабақтың сквозная тема – «Береги время». Талқылау барысында балалар уақытты жоғалтудың себептері мен оның әр жастағы адамдарға әсерін үйренді.
• Құндылық: «Справедливость и ответственность», «По добру — добро, а по худу — худо» түсіндірілді.
• Стоп-кадр әдісі бойынша әр оқушы оқиғаның белгілі бір сәтін айтып, топ болып кадрларды дұрыс реттілікке қойды.
Сабақ интерактивті әдістер арқылы өтті. Оқушылар белсенділік танытып, уақытты тиімді пайдалану туралы маңызды ойларды меңгерді. Кейіпкерді сипаттау және шығарманы талдау арқылы олардың ойлау қабілеті мен шығармашылық қабілеті дамыды.


