28
апрель
2023
БІРЛІК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 28-сәуір күні «Қазақстан — халықтар достығының мекені» тақырыбында 5,6,7-сыныптары арасында әр түрлі ұлттардың дастарханын жайып, өнерін көрсетіп, жәрмеңке өткізілді.
Мақсаты: халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта оқушылардың достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру. Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.



