05
январь
2023
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ ТӘСІЛДЕРІ
Мектебімізде мұғалімдердің кәсіби әлеуетін арттыру бойынша функционалдық сауаттылық және жаңа жаһандық талаптарды ескеру мақсатында «Функционалдық сауаттылықты дамыту тәсілдері» тақырыбында коучинг өтті. Коучингте қатысушылар функционалдық сауаттылықты арттыруға бағытталған деңгейлік тапсырмаларды жоспарлауды үйренді. Әр педагог шынайылық пен сыншылдықты, ойлап табушылық пен бақылаушылықты қолдана отырып, практикалық тапсырмаларды орындады. Физика пәнінің мұғалімі Б.М. Айпейсоваға және математика пәнінің мұғалімі П.О.Оңғарбаеваға табысты коучинг ұйымдастырып, әріптестерінің кәсіби әлеуетін арттырудағы қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді





