14
октябрь
2023
«ӨЛЕҢ — СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ...» ЕҢБЕКШІ АУДАНДЫҚ ТУРНИРІ
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы білім беретін мектебі Қазыбек би атындағы №36 мектебінде Бұқар жыраудың туылғанына 330 жыл толуына орай «Өлең сөздің патшасы, сөз—сарасы...» атты Еңбекші аудандық дебат іріктеу турнирі 9-11 сыныптар арасында өтті. Мектебіміздің атынан орыс лигасынан «Сознательное поколение» фракциясынан 11-сынып оқушылары Мусаев Ерасыл, Дормидонтова Анастасия және ағылшын лигасынан «Dream team» фракцияларынан 11-сынып оқушылары Шалькова Любава, Курманбаев Самандар қатысып, орыс лигасы «Үздік кейс», ағылшын лигасы «Үздік спикер» номинацияларына ие болды.
Жетекшілері: Хабибдиярова Ф.И., Султанкулова Б.К.




