03
ноябрь
2023
Марапат құтты болсын!
Шымкент қаласы білім басқармасының Дарын орталығы, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығымен «National Geographic Qazaqstan» журналы редакциясының қолдауымен 2023-2024 оқу жылында 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен Ұлттық Олимпиадасын 27-қазан күні Т. Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы базасында өткізілді.
Олимпиада география пәні бойынша екі турда өткізілді. Олимпиаданың облыстық (қалалық) кезеңіне Шымкент қаласы бойынша 215 оқушы қатысты. Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің география пәні мұғалімдері Мамаева Шәрбану және Шишкалова Елена апайлардың жетекшілігімен 7 және 8-сынып оқушылары Естай Әріпбай пен Цацко Валерия қазылар алқасының шешіміне сәйкес ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Жетекші ұстаздары мен ата-аналарына алғыс білдіреміз! Марапат құтты болсын, жетістіктер молая берсін!
