Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » «ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ!» АТТЫ ШЫРША КЕШІ ӨТТІ
28
декабрь
2023

«ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ!» АТТЫ ШЫРША КЕШІ ӨТТІ

Бүгін 5-7-сынып оқушыларына арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік кеш өтті. Жөні де, орны да бөлек, әрі сән-салтанатымен, жоғары көңіл-күймен өтетін аталмыш кеш балалардың жүрегінде мәңгі сақталатындай етіп өткізу мектеп әкімшілігіне де, мұғалімдер үшін де үлкен міндет, әрі абыройлы шаруа болып табылады. Бұл іске жоғары сынып оқушылары да кірісіп, театрландырылған шоу көрсетіп, балалардың көңіл-күйін көтеруге барын салып жатады. Міне, бүгін мектебімізде ұйымдастырылған Жаңа жылдық шырша кеші әсем безендірілген залда мектеп парламенті мүшелері, белсенді оқушылардың атсалысуымен өтті. Әртүрлі кейіпкерлердің киімін киіп келген балалар думанды кешке атсалысып, ән-билерін көрсетіп, өнерлерімен ерекшеленуге тырысты. Аяз ата мен Ақшақар, айдаһар кейіпкері оқушылардың көңілдерін көтеруге тырысып бақты. Жалпы үлкен дайындықпен ұйымдастырылған шырша кеші жоғары деңгейде өткізіліп, балалардың көңілінде мәңгі қалатындай болды. Мектеп басшысы Сихамбекова Жансұлу Абдразаққызы сөз кезегінде ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, барша оқушыларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Биылғы жаңа жылдық кештің бір ерекшелігі - үйден оқытылатын мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамнан тысқары, елеусіз қалмайтындарын ұғындыру, өмірлеріне өзгеріс енуі үшін қарапайым армандарын орындау арқылы қызығушылықтарын арттыру, үнемі жақсы дүниеге ұмтылуы үшін көмекке келетін жақсы адамдардың бар екендерін сезіндіру мақсатында үйден оқытылатын оқушылар да мектептің мерекелік кешіне қатысты.
Үлкен бірлікпен, ұйымшылдықпен ұйымдастырылған осындай игі шаралар, ізгі жұмыстар Жаңа жылда да жалғасын тауып, ұрпақ тәрбиелеу ісіне үлесімізді қоса берейік!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив