06
май
2024
ШӘКІРТІМІЗ «АНА ТІЛІ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің 4 «А» сынып оқушысы РСАЛИ РАМАЗАН 3-4 сынып оқушылары арасындағы «Ана тілі» олимпиадасының «Жас қаламгер» бағыты бойынша аудандық кезеңінде бақ сынап, нәтижесінде ІІ-орынды иемденді. Бүгін мектеп директоры Сихамбекова Жансұлу Абдразаққызы жас жеңімпаз Рамазанды марапатымен құттықтап, шығармашылық табыс тілеп, қаламың шыңдалып, биік шыңдардан көріне бер, аңсаған арманыңа жетуіңе тілектеспін деп жүрекжарды жылы лебізін білдірді.
Байқау жүлдегерін, ата-анасын, жетекшісі АЙТБАЕВА БАҒИЛА КЕРИМБАЕВНАНЫ білім әлеміндегі ақжолтай жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Жүлделер легі жалғасын тапсын! Жұлдыздарыңыз әрдайым жоғары болсын!

