02
май
2024
СУРЕТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Антиконтрафакт" республикалық акциясы аясында 2024 жылдың 1-26 сәуір аралығында 5-10-сынып оқушыларының арасында "Ортақ болашақ үшін инновация және шығармашылық" тақырыбында сурет салу байқауы өткізілді. Байқауға Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектептің оқушылары ДОРОШЕВА АНАСТАСИЯ, РЕЦ СОФИЯ және КАТКОВА УЛЬЯНА өз шығармаларын ұсынып, үздік жұмыстардың қатарынан орын алып, Шымкент қаласы Әділет департаментінің арнайы алғыс хатымен марапатталып қайтты. Шәкірттерін қашанда шығармашылық баулуда еңбек етіп жүрген жетекшісі ТАМАРОВА ЕЛЕНА ИВАНОВНА да Алғыс хатпен марапатталды.




