Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
31
октябрь
2024

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
2024 жылдың 31 қазан күні Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде кезекті № 2 педагогикалық кеңес өткізілді.
Мектеп директоры Сихамбекова Жансұлу Абдразаққызы педагогикалық кеңесті ашып, күн тәртібімен таныстырып өтті.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
1. Алдыңғы педагогикалық кеңестің шешімдерінің орындалуы туралы (Л.А.Битаева);
2. I тоқсанның оқу-тәрбие жұмыстарының қорытындысы, әр сыныптағы пәндер бойынша білім сапасы, Bilimclass  электронды журналдың толтырылуы (Л.Б.Шестакова);
3. Оқушылардың сабаққа қатысу мониторингісі (Р.Н.Шланбекова);
4. ҰБТ. Сынама тест нәтижелеріне талдау жасау (Б.М.Айпеисова); 
5. 1-сынып оқушыларының бейімделуі, оқушылар арасындағы олимпиадаға дайындық (П.А.Досалиева);
6. Баяндама: «Сабақтың тиімділігі – мұғалім мен оқушының табысқа жетуінің жемісі, білім сапасының артуының нәтижесі» (М.Б.Кужабаева, А.Н.Свириденко, А.А.Усипбекова);
7. Ағымдағы мәселелер.
Педагогикалық кеңес барысында түрлі мәселелер талқыланып, мектептің білім сапасын көтеру бойынша жұмыс жасау алға қойылды. Сондай-ақ, педкеңес соңында ұсыныстар айтылып, шешімдер қабылданды, кері байланыс берілді. Мектеп директоры Жансұлу Абдразаққызы мұғалімдерді жоғары деңгейде жұмыс жасауға шақырып, педагогикалық кеңесті қорытындылады. Педкеңес соңында «АMANAT» партиясының ұйымдастыруымен Астанада «Мұғалім Talks» алаңына қатысып, Мәжіліс спикері, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Жақанұлының қолынан «Белсенді қызмет үшін» арнайы төсбелгісін алған мектеп басшысы Жансұлу Абдразаққызын мектеп ұжымы құттықтады. 








и ещё 9




Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив