04
февраль
2025
ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
«Бала құқығы - басты құндылық» айлық науқаны аясында және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп директоры Сихамбекова Жансұлу Абдразаққызы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп инспекторы, әлеуметтік педагог пен мектеп психологтерінің қатысуымен “Құқықтық кеңес” отырысы өтті.
Құқықтық кеңесте келесі маңызды мәселелер қаралды:
1. Құқықтық бұзушылықтың алдын алу: Мектептегі тәртіп бұзушылықтарды болдырмау үшін алдын алу шараларын талқылау;
2. Кәмелетке толмағандардың құқықтары: Балалардың құқықтарын қорғау туралы заңдарды түсіндіру;
3. Интернеттегі қауіпсіздік және киберқауіптер: Интернетте қауіпсіз болу, алаяқтық пен буллинг сияқты киберқауіптерді болдырмау туралы кеңестер беру;
4. Отбасы заңнамасы: Отбасы құндылықтары, бала тәрбиесіндегі құқықтық негіздер туралы ақпарат беру.
Құқықтық кеңес отырысын қорытындылай келе, оқушыларға құқықтық мәдениетті қалыптастыру, балалардың құқықтарын қорғау, құқықтық сауаттылықты арттыру және заң талаптарының маңыздылығын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кеңес берілді.
и ещё 2