Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
08
январь
2025

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
2025-жылдың 08-қаңтар күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы білім беретін мектебінде кезекті педагогикалық кеңес өткізілді.
 Педкеңес барысында lІ-тоқсанның үлгерімі мен білім сапасының қорытындысының  талдауы, оқу бағдарламасы және әртүрлі мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, мектеп психологы Қ.К.Момбаева «Біз біргеміз: ерекше білімді қажет ететін оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбында баяндама оқып, инклюзивті білім алушылар мен мүмкіндігі шектеулі оқушылармен атқарылған жұмыстың қорытындысын айтты. Мектеп педагогтерін жарқын істерге шабыттандыратын тәрбиелік маңызы бар "Звездочки на земле" көркем фильмі көрсетілді. Фильм соңында мұғалімдер алған әсерлерімен бөлісіп, өзара пікір алмасты.
Мектеп директоры Жансұлу Абдразаққызы білім сапасын арттыру, оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау жөнінде маңызды тапсырмалар беріп, ұжымға ІІІ тоқсанға сәттілік тіледі.
Мектеп кәсіподақ ұйымының төрайымы Б.М.Аипеисова мерейтой иесі, 50 жасқа толып отырған ұлағатты ұстазымыз Адырбекова Эльмира Бақтиярқызын құттықтап, гүл шоғын табыстады. Ұстазға құрмет көрсетіліп, ыстық ықылас пен жылы тілектер айтылды.

















Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив