18
март
2025
18 НАУРЫЗ - ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ
Ата-бабаларымыз ұлттық киімдерімізді зор талғаммен, сәнді әрі қонымды етіп үйлестіре білген.
Қазақтың ұлттық киімі мен әшекей-бұйымдарының түрі өте көп. Сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан ұлттық киімдер әлі де өз құндылығын жоғалтқан жоқ.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Сихамбекова Жансұлу Абдразаққызының басшылығымен мектеп ұстаздары мен оқушылары ұлттық киімдерімізді дәріптеу және насихаттау мақсатында "ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ" қарсаңында қазақи ою-өрнекпен көмкерілген шапан, кеудеше, камзол және басқа да ұлттық дәстүрімізге сай киім түрлерін киіп келіп, бір-бірлерін Наурыз мерекесімен құттықтады.