30
апрель
2025
АШЫҚ ЕСІК
М.ӘУЕЗОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ӨТКЕН «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӘСЕРЛІ ӨТТІ
ҚР Қарулы Күштерінің оң имиджін қалыптастыру, жасөспірімдерді әскер қатарына даярлау, шақыруға дейінгі жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу және әскери-патриоттық клубтардың жұмысын үйлестіру мақсатында бірқатар маңызды шаралар ұйымдастырылуда. Осы орайда, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «80 күн – 80 игі іс» патриоттық акциясы аясында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті КеАҚ әскери кафедрасының базасында «Ашық есік» күні өткізілді.
Іс-шараға Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектептің 10 «А» сынып оқушылары қатысты. Кездесу барысында оқушылар әскери кафедра қызметімен, ҚР Қарулы Күштерінің заманауи қару-жарақ үлгілерімен және әскери техникаларымен танысты. Оқушылардың қауіпсіздік ережелеріне сай ұйымдастырылған бұл сапары олардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін арттырып, болашақ мамандық таңдауына бағыт-бағдар берді.
Іс-шара аясында кафедра офицерлері оқушыларды әскери өмірдің қыр-сырымен таныстырып, туындаған барлық сұрақтарына жан-жақты әрі мазмұнды жауап берді. Шара оқушылар үшін ерекше әсерлі өтті, олар әскери қызметтің маңыздылығын тереңірек түсініп, патриоттық рухпен шабыттанды.
Мұндай игі бастамалар жас ұрпақты елжандылыққа баулып, олардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
и ещё 5
Все реакции:11Вы, Камила Баймагамбетова, Гульмира Искакова и ещё 8