Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
04
март
2025

«МАМАНДЫҚТАР МАРАФОНЫ»

«МАМАНДЫҚТАР МАРАФОНЫ»
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында 2025 жылдың 27 ақпан күні Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде  «Мамандықтар марафоны» тақырыбында 9-сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру бағытында іс-шара өткізілді.
Мақсаты: мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, өзін-өзі тану аймағын кеңейту, кез-келген кедергіден шыға білу және колледж мамандарымен кездесу, ақпараттармен танысу. 
Аталған іс-шараға «Манап Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі» МКҚК-нің «Бухгалтерлік және экономикалық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Г.Т.Назарова, «Құрылыс пәндері» кафедрасының меңгерушісі Г. К. Мадиярова және «Бағдарламалау және есептеу техникасы» кафедрасының оқытушысы Ж.Е. Исабаев қатысты. Мектеп оқушыларына колледжде дайындалатын барлық мамандықтары жөнінде сипаттама беріліп, құнды ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар колледжге түсу тәртібіне тоқталып, мектеппен ұйымдастырылған іс-шараға қатысты өз пікірлерін білдірді. Іс-шара соңында мектептің 9-сынып оқушыларына колледждің жарнамалық таратпа материалдарын тарқатты.
Кәсіби бағдар берушілер: Г. С. Қаппарова, А. А. Семихвостова.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив