26
январь
2023
МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ — КЕЛЕШЕККЕ БАСТАУ
Бүгін 26-қаңтар күні мектебіміздің 9-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Шымкент қаласындағы Манап Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің оқытушылары А.Андақұлова, Г.Мадиярова, Ж.Балабьева арнайы келіп, балаларға оқуға түсу шарттарымен таныстырып, сондай-ақ, ондағы техникалық және гуманитарлық бағыттардағы мамандықтар туралы түсініктеме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара соңында колледж қызметкерлері тарапынан оқушыларға брошюралар таратылды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – мектеп оқушыларына мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беру, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру.


