13
май
2025
БИ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ
Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің 7 «Б» сынып оқушысы Айткулова Камила «Бала шабыты» халықаралық конкурс жобасы аясында ұйымдастырылған «Көк аспан жұлдыздары» атты дарынды балалар мен жасөспірімдерге арналған өнер байқауында «Хореография» номинациясы бойынша ГРАН-ПРИ иегері атанды.
Камиланың бұл жеңісі — оның өнерге деген шынайы сүйіспеншілігінің, тынымсыз еңбегі мен табандылығының жемісі. Көпшілік алдында өзін еркін ұстап, сахнада бар өнерін паш еткен жас бишінің бұл жетістігі – мектебіміз үшін үлкен мақтаныш. Оның шығармашылығы — жас буынға үлгі, ал талпынысы — табысқа бастар жолдың айғағы.
Жас дарын иесін мектебіміздің директоры Сихамбекова Жансұлу Абдразаққызы арнайы қабылдап, жеңісімен құттықтады. Ол Камиланың таланты мен еңбегіне жоғары баға беріп, шығармашылық жолында жаңа белестерге жетуіне тілектестігін білдірді.
Мектеп ұжымы мен ұстаздар қауымы атынан Камиланы шын жүректен құттықтаймыз!
Талабыңа нұр жаусын, Камила!
Өнер жолындағы алғашқы жеңістерің көп болсын! Саған шығармашылық шабыт, зор табыс пен биік белестер тілейміз!

