09
апрель
2025
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ
Шымкент қаласы Білім басқармасының «Психологиялық қолдау орталығының» №74 07.03.2025 ж. хаты негізінде, 09.04.2025 ж. күні Ораз Жандосов атындағы № 30 жалпы орта білім беретін мектебінде білім беру процесіне қатысушылардың психологиялық әл-ауқатын сақтауға және нығайтуға бағытталған өңірлік психологиялық қызмет көрсету аясын таныстыру мақсатында «Ашық есік» күні өткізілді.
Іс-шара барысында Шымкент қаласы Білім басқармасы «Психологиялық қолдау орталығы» әдістемелік бөлімінің басшысы Орынбекова Данара Бековна, әдістемелік бөлімінің әдіскері М.Н.Әсілбек, педагог-психолог Г.О.Күзембек ата-аналармен, мұғалімдермен «Бақытты ата-ана = бақытты бала» тақырыбында тренинг және «Психологиялық қолдау орталығының» мақсаты мен міндеттерін, жұмыс бағытын таныстыру мақсатында кездесу өткізді. Мектеп психологтары К.К.Момбаева мен А.А.Семихвостова білім алушылармен «Өмірлік мақсатқа жету және өзіндік анықталу» тренингімен қатар, мұғалімдерді «Психологиялық қолдау орталығының» мақсаты мен міндеттерімен таныстырды.
