04
февраль
2025
«БАЛАНЫҢ БАСТЫ ҰСТАЗЫ- АТА-АНА»
«БАЛАНЫҢ БАСТЫ ҰСТАЗЫ- АТА-АНА» тақырыбында ата-аналармен кездесу өткізілді
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ» орталығының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес,
ата-аналармен «Әжелер мен жеңгелердің даналығы» тақырыбында кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты: ұрпақтар сабақтастығын нығайту, қазақ халқының дәстүрлі отбасылық құндылықтарын насихаттау, әжелер мен жеңгелердің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жас ұрпаққа өнеге көрсету.
Құндылықтар негізіне бағытталған кездесудің түйіні – бала болашағын қалыптастыруда ата-ана мен ұстаз үнемі бірлікте болуы.
Ұрпақ тәрбиесі–ең ұлы міндет десек, осы міндетті мүлтіксіз орындау мектеп педагогтерімен қатар ата-аналардың да жауапкершілігінде.