ӨТЕ МАҢЫЗДЫ! 1-сыныпқа қабылдау мерзіміне өзгеріс енгізілді
“Алты жастағы және күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді”
Алайда, биылғы 2026-2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау мерзіміне өзгеріс енгізілді. Осыған орай, ағымдағы жылы 1 сәуірден бастап 1-сыныпқа қабылдау жұмыстары жүргізілмейтіндігін назарларыңызға жеткіземіз.
Шымкент қаласының білім басқармасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2026 жылғы 30 наурыздағы № 2-20-6/2297-И хатына сәйкес төмендегіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп «Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметі бойынша құжаттарды қабылдаудың пилоттық жобасын іске қосу жөніндегі бірлескен бұйрық жобасы әзірленуде.
Осыған байланысты, аталған бірлескен бұйрық жобасын назарға ала отырып, Шымкент қаласындағы барлық білім беру ұйымдарында 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 18 маусымнан бастап 31 тамызына дейін осы бұйрықпен бекітілетін кестеге сәйкес жүзеге асырылады;