11
январь
2024
ТЕМІРЖОЛ — ҚАУІПТІ АЙМАҚ
2024 жылдың 11 қаңтар күні Шымкент қаласы Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларына темір жол жарақаттарының және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында “Теміржол – аса қауіпті аймақ” тақырыбында профилактикалық түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Дәріс барысында оқушыларға темір жолдарында болу ережелері туралы айтылып, темір жолында қауіпсіздік ережелері, әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауапкершілігі түсіндірілді. Сондай-ақ, темір жолында ойын ойнаған жасөспірімдер өз өмірі мен денсаулығын қауіп-қатерге душар етуі, олардың бейқамдығы поездардың жүру қауіпсіздігіне, жолаушылардың өмірі мен денсаулығына, тасмалданатын жүктердің сақталуына қауіп төндіріп, жолдарға едәуір материалдық шығын келтіретіндігі туралы жеткізілді.
