07
сентябрь
2023
«КӘМЕЛЕТ ЖАСҚА ТОЛМАҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚЫЛМЫС ПЕН ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде мектеп инспекторы Алимов Ихтияр Бахтиярович жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың , зорлық-зомбылықтың алдын-алу мақсатында жоғары сынып оқушыларымен жиналыс өткізді. Жиналыс барысында құқықбұзушылық, зорлық-зомбылық, буллинг, кибербуллинг, жол ережесін сақтау, өзара қарым-қатынас, мектеп формасы, электронды темекінің (вейп) ағзаға зияны, синтетикалық есірткінің таралуы, сабақ уақытында телефон (смартфон) қолданбау, ойынханаларға бармау, қауіпсіздік ережелерін сақтау, түнгі уақытта жүруге тыйым салынатындығы, ақша жинамау, әлімжеттік, бопсалау мәселелері туралы айтылып түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылардың ішінен белсенділік танытып, тақырыпқа байланысты ой-пікірлерін білдіріп отырды.

