13
сентябрь
2024
ПАТРИОТИЗМ — БІЗДІҢ БАСТЫ ҚАРУЫМЫЗ
ПАТРИОТИЗМ — БІЗДІҢ БАСТЫ ҚАРУЫМЫЗ
13.09.2024 ж. күні Шымкент қаласы қосымша білім беру қосалқы орталығының ұйымдастыруымен Ассамблея ғимаратында «Патриотизм — біздің басты қаруымыз» атты іс-шара болып өтті. Аталған іс-шараға Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің бітіруші түлектерден әскери оқу орындарына түсуге ниет білдірген бес оқушымыз қатысты. Өткізілген іс-шарада Шымкент қаласы қорғаныс істер департаментінің бастығы, полковник А.К. Шегебаев, ҚР ҚК ардагерлер қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Онбаев және Ауған соғысы ардагерлері қатысып, баяндама жасады. Қазақстан Республикасының Қарулы күштері туралы бейнематериалдар көрсетілді. Оқушылар жоғарғы әскери оқу орындарына түсу туралы көптеген мағлұматтар алды. Оқушыларды қызықтырған сұрақтарға полковник Абдигабит Курбанович мырза жауап берді. Аталған іс-шара жоғарғы деңгейде өткізілді.