13
ноябрь
2024
АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ
АРДАГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ
Шымкент қаласы білім басқармасы Әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес 13.11.2024 ж. күні Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектеп базасында тәжік-ауған қақтығысының ардагерлерімен кездесу өткізілді. Кездесуге мектебіміздің 10 сынып оқушылары және тәжік-ауған соғысының ардагерлері Нұрымбетов Сұлтан Жаңабаевич, Абдукаримов Фурхат Абдувалиевич, Замесин Антон Геннадиевич шақырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың потриоттық сезімін ояту ,ұлттық құндылықтты қалыптастыру және шекарашы Батырхан Раджан Армиұлы, шекарашы полковник Руслан Закиевті еске алу, олардың жасаған ерліктерін кеңінен насихаттау.
Кездесуде мектебіміздің алғашқы әскери технологиялық дайындық пәні мұғалімі Ш.Ф.Исатаев Батырханов Раджан Армиұлына арналған «Ерлігі ұрпаққа үлгі» атты баяндамасын оқыды. 10 «Б» сынып оқушысы Юлдашева Чарос полковник «Руслан Закиевтің өмір жолы» атты баяндамасын оқыды. Тәжік-ауған қақтығысы туралы деректі фильм көрсетілді. Оқушыларды қызықтырған сұрақтарға қонақтар жауап берді. Іс-шара өз деңгейінде өткізілді.
и ещё 6