Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » АЙТЫСКЕР АҚЫН МАРЖАН ЕСЖАНОВАМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
22
февраль
2024

АЙТЫСКЕР АҚЫН МАРЖАН ЕСЖАНОВАМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Ақындар айтысы» жобасы шеңберінде 22.02.2024 ж. күні Ораз Жандосов атындағы № 30 жалпы орта білім беретін мектебінде  «Ақындар сөзі – тәрбие көзі» тақырыбында қазақ айтысының майталман айтыскері МАРЖАН ЕСЖАНОВАМЕН кездесу кеші өтті. Кездесуде айтыскер ақын алғаш айтыс сахнасына келуі, шығармашылық жолы туралы баяндап, айтыс пен жырдың қазақ мәдениетіндегі алатын орны жөнінде тұщымды ойларымен бөлісті. 
Іс-шараның мақсаты – өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, оның өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. 
    Іс-шара барысында оқушыларымыз ақынға арнап  өлеңдер оқыды, ән айтты, би биледі. Мектеп парламентінің мүшелері мен оқушылар ақынға көңілдерінде жүрген көкейтесті сұрақтарын қойып, мардымды да көңілге қонымды, толыққанды жауаптарын алды. Кездесу соңында  мектеп директоры Жансұлу Абдразаққызы айтыскер ақынға оқушылардың қолынан жасалған тұмарды естелікке сыйға тартып, иығына шапан жабылып, қошемет көрсетілді. 
Сөз соңында айтарымыз, рухани азық беретін осындай іс-шаралар жасөспірімдер үшін ауадай қажет, себебі олардың патриоттық сезімдерін шыңдауға септігін тигізері хақ.  

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив