Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
04
февраль
2025

«БОЯУЛАР ҚҰПИЯСЫ»

«БОЯУЛАР ҚҰПИЯСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Республика педагогтерінің ғылыми-әдістемелік және өнер-білім орталығы Қазақстан Республикасының  Оқу-ағарту министрлігінің  №514 бұйрық негізінде республикалық  "Бояулар құпиясы" жас суретшілер  байқауын өткізді. Дәл осы байқауға, Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің өнерлі оқушылары Балтабаева Нигина, Лапаева Милена, Дорошева Анастасия, Юлдашева Назмина қатысып, жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Байқауға қатысушылар қылқаламмен шеберлігін шыңдап, шығармашылық шабытқа бөленді. Тақырыпқа сай суреттер салынып, жұмыстар мамандар тарапынан жоғары бағаланды. 
Бүгін жас қылқалам шеберлерін мектеп директоры Сихамбекова Жансұлу Абдразаққызы қабылдап, жетістіктерімен құттықтап, сәттілік тіледі.
Жетекшісі: Томарова Елена Ивановна
ЖАРАЙСЫҢДАР ЖАС СУРЕТШІЛЕР!  ҚАЛАМДАРЫҢ ҰШТАЛА БЕРСІН,  ҚАНАТТАРЫҢ ТАЛМАСЫН!  









и ещё 3



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив