БУЛЛИНГТЕН ҚОРҒАН!

“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында 2024 жылдың қараша айының 18-і күні “Буллингтен қорған!” атты тақырыпта 5 “А” сыныбымен тәрбие сағаты өткізілді.
Сынып жетекшісі: Н. Л. Тоқаев

Мақсаты: "Буллинг" сөзінің мағынасын ашу, қоғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию секілді жағдайлардың алдын алу. Оқушылардың буллинг, кибербуллинг туралы жалпы түсінігін қалыптастыру арқылы жауапкершіліктерін арттыру, өзара сыйластық қарым-қатынасын орнату.

Сабақ барысында, оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, талқыланды.