16
сентябрь
2024
БУЛЛИНГТЕН ҚОРҒАН
БУЛЛИНГТЕН ҚОРҒАН
16.09.2024 ж. күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов №30 жалпы орта білім беру мектебінде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы жоспарына сәйкес «ДосболLIKE» – балаларды жәбірлеудің (буллингтің) алдын алу бағдарламасын іске асыру мақсатында 5-11 сынып оқушылары арасында “Буллингтен қорған” тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттары ҚР әнұранымен басталып, аптаның дәйексөзі айтылды. Оқушыларға арнайы буллинг және кибербуллингтен сақтану туралы бейнероликтер көрсетіліп, оқушылармен ашық әңгіме жүргізілді. Сонымен бірге “Қауіпсіздік сабағы” – өмір қауіпсіздігі негіздерін зерделеу, білім алушылардың жеке қауіпсіздігін сақтау туралы сынып сағат шеңберінде 10 минут ақпарат беріліп, әңгіме өткізілді.
и ещё 2