ҮЙРЕТЕРІ КӨП ҮЙІРМЕ


Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде «ТАРИХ» және «ГЕОГРАФИЯ» бірлестігінің онкүндігі өтуде. Мектепте Шымкент қалалық прокуратурасының бастамасымен «Заң үйірмесі» жұмыс істейді. Үйірме аясында тарих пәнінің мұғалімі Тулкиев Қасымбек Жақыпбекұлы 9 «Ә» сынып оқушыларымен «Медиасауаттылық» сағатын өтті.

Мақсаты:

Оқушылардың медиасауаттылық деңгейін арттыру.

Кибербуллингтің қауіптілігі туралы түсінік беру және онымен күресу жолдарын үйрету.

Онлайн қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Оқушылар сабақта мектеп психологы, мектеп инспекторы, мектеп мейірбикесі мен мектеп әлеуметтік педагогтың қатысуымен өздерін мазалаған сұрақтарына жауап алды.