10
февраль
2025
ҮЙРЕТЕРІ КӨП ҮЙІРМЕ
ҮЙРЕТЕРІ КӨП ҮЙІРМЕ
Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде «Заң үйірмесі» аясында 9 сынып оқушыларымен
«Құқықтық сауаттылық - заман талабы» тақырыбында танымдық баяндама сағаты өтті. Іс-шара барысында қатысушылар заңды білу мен құқықтық мәдениеттің маңыздылығы туралы жан-жақты ақпарат алды. Талқылау кезінде күнделікті өмірде кездесетін құқықтық мәселелер мен оларды шешу жолдары қарастырылды. Мұндай сабақтар азаматтық жауапкершілікті арттырып, құқықтық сауаттылықты нығайтуға ықпал етеді. 
