19
декабрь
2024
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ - АШЫҚ САБАҚТАРДА
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ - АШЫҚ САБАҚТАРДА
«Мақсатты мектеп» жобасы аясында 2024 жылдың 19 желтоқсан күні Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде «Жасанды интеллект технологияларын білім беру процесінде қолдану» тақырыбында өткен қалалық семинарда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Аманова К.Т., Тохаев Н.Л., география пәні мұғалімі Мамаева Ш.А., ағылшын тілі пәні мұғалімі Капбарова А.К., математика пәні мұғалімі Тургунбаева А.Т. ашық сабақтар көрсетті.
Ашық сабақтарда ЖИ құралдарын қолдана отырып, оқушылардың танымдық деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.
Жаңа сабақтың басы мен негізгі кезеңдерінде жасанды интеллект платформалары "Socrative", "Lumio", “Hailuo AI”, “D-ID”, “Virbo wondershare”, осы платформалардағы аудио және бейнемазмұнды талдау үшін AI ассистенттері қолданылды. ЖИ құралдары әр пән бойынша күрделі тақырыптарды игеруге көмектесіп, оқушылардың білімін тереңдете түсті.