Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » “ОЗЫҚ ОЙЛЫ ҰРПАҚ: ҮЗДІК ОҚУШЫЛАРДЫ ҰЛЫҚТАУ”
20
декабрь
2024

“ОЗЫҚ ОЙЛЫ ҰРПАҚ: ҮЗДІК ОҚУШЫЛАРДЫ ҰЛЫҚТАУ”

“ОЗЫҚ ОЙЛЫ ҰРПАҚ: ҮЗДІК  ОҚУШЫЛАРДЫ ҰЛЫҚТАУ”
    ⚜️ Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов  атындағы №30 жалпы білім беретін мектебінде 2024 жылдың 20 желтоқсанында мектепішілік, аудандық, республикалық олимпиадалардан жүлделі орындарға ие болған мектебіміздің үздік оқушыларын дипломдармен  марапаттау рәсімі өтті.
   🔉 Салтанатты жиынның мақсаты: 2024 - 2025 оқу жылының 1-жарты жылдығындағы білім сапасының қорытындысы бойынша оқушыларды марапаттау.
   📣 Салтанатты жиынды мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары П.А.Досалиева жүргізді. Салтанатты жиынды мектеп  директоры Ж.А.Сихамбекова ашып беріп, жоғары нәтиже көрсеткен оқушыларға дипломдар мен алғыс хаттар табыстады.
   🔆 Түрлі сайыстар мен жарыстарда жеңіске жеткен оқушылар ерекше құрметке ие болып, марапатталды.
    Жиынды қорытындылай келе:
"Білім – сарқылмайтын қазына, еңбек – оны толтыратын дария. Болашағы жарқын елдің іргесін бүгінгі білімді ұрпақ қалайды," – деп, оқушылар мен ұстаздарды жаңа жетістіктерге ұмтылуға шақырамыз! 
МЕКТЕБІМІЗДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ ЖАЛҒАСЫН ТАУЫП, ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ БЕН ҰСТАЗДАРЫМЫЗДЫҢ ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАРҒА ЖЕТЕ БЕРУЛЕРІНЕ ТІЛЕКТЕСТІК БІЛДІРЕМІЗ!












Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив