04
февраль
2025
"ИННОВАЦИИ БУДУЩЕГО: СТАРТ ДЛЯ ТВОЕЙ ИДЕИ!" ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ
"ИННОВАЦИИ БУДУЩЕГО: СТАРТ ДЛЯ ТВОЕЙ ИДЕИ!" ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының "Smart bala" жобасы аясында Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде әлеуметтік педагог Ж.Н.Мылтықбаева 11 «Б» сынып оқушыларымен «Инновации будущего: старт для твоей идеи!» тақырыбында ашық сабақ өтті. Бұл шара оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттыруға, инновациялық идеяларды дамытуға және оларды жүзеге асыруға, шабыт беруге бағытталды.
Сабақ барысында оқушылар өз командаларын жасақтап, стартап, яғни жаңа, тың және инновациялық идеяларымен бөлісті. Командалар өз идеяларының адам өмірін жақсарту, сапасын арттыру жолында таптырмас мүмкіндік екендігін дәлелдей білді.
Біз болашақта оқушыларымыздың жаңа технологиялар мен жобалар саласында үлкен жетістіктерге жететініне сенімдіміз!