17
январь
2025
БУЛЛИНГТІ БОЛДЫРМАУ
БУЛЛИНГТІ БОЛДЫРМАУ
Бүгін, 17.01.2025 ж. күні Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің психологтары Қ.Қ.Момбаева және А.А.Семихвостова оқушылармен маңызды тақырыпта кездесу өткізді. "Буллингті болдырмау" мақсатында ұйымдастырылған бұл профилактикалық түсіндіру жұмыстары оқушылардың бір-біріне деген құрметі мен сыйластығын арттыруға бағытталды.
Кездесу барысында буллингтің алдын алу жолдары, оның салдары мен зияны туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, оқушылардың мейірімділік, түсіністік және бір-бірін қолдау секілді құндылықтарды бойларына сіңіруі керектігі талқыланды. Тренингтер, пікірталастар және практикалық жаттығулар арқылы оқушылардың буллинг жағдайларын тануы және оны болдырмау үшін қандай әрекеттер жасау қажеттігі үйретілді.
Бұл жұмыс тек мектеп қабырғасында ғана емес, отбасында да жалғасуы маңызды. Себебі, балаға қолдау көрсету, оны тыңдау және түсіну арқылы біз зорлық-зомбылықсыз, қауіпсіз қоғам қалыптастыра аламыз.
Буллингке "ЖОҚ" деп айтып, мейірім мен татулыққа толы орта құру - баршамыздың міндетіміз!