12
февраль
2025
«ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ АЛДЫН АЛУ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 12-ақпан күні 8-10-сыныптың қыз балаларына №5 емхананың акушер-гинеколог дәрігерлері Аргунбаева Салтанат Айдосовна, Туленова Рано Талхатбековна және мектебіміздің ДТІЖО-ы Р.Н.Шланбекова қатысуымен «Ерте жүктіліктің алдын алу, оның зардаптары. Гигиена» тақырыбында кездесу өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – келеңсіз оқиғалардың бірі – жасөспірім қыздар арасында кездесетін ерте жүктілік және оның зардаптары, жасөспірім қыздардың денсаулыққа қаншалықты зиян келтіретіндігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Гинеколог дәрігері Салтанат Айдосовна сөз алып, «Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Ерте жүктілік немен қауіпті?» - деген сауалдар төңірегінде ой қозғап, 8-10 сынып қыздарымен пікір алмасты. Жасанды түсік — болашақта бала сүю мүмкіндігін төмендететіні, яғни бедеулікке апарып соқтыратыны, жасанды түсік жасататын қыздардың 30 пайызы онкологиялық, гинекологиялық ауруларға шалдығатыны туралы айтып өтті. Негізінен жоспарланбаған жүктіліктің 90% отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа байланысты екендігі айтылды.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген, ел сенімін ақтап, тәуелсіз еліміздің болашағын алға апарар білімді, тәрбиелі, инабатты, сыпайы, әдепті қыз бала тәрбиелеу ұлы парызымыз екенін есте сақтайық!