Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
07
март
2025

АЯУЛЫ АНАЛАРҒА – ҚҰРМЕТ ПЕН АЛҒЫС

АЯУЛЫ АНАЛАРҒА – ҚҰРМЕТ ПЕН АЛҒЫС
Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде көктемнің ең көркем, мейірім мен қуанышқа толы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай ата-аналарға арналған концерт ұйымдастырылды. Бұл ерекше күн – аналарымыз бен аруларымызға деген сүйіспеншілік пен құрметтің жарқын көрінісі.
Мерекелік кештің шымылдығы жылы лебіздермен ашылып, мектебіміздің директоры Жансұлу Абдразаққызы барлық аналарды құттықтап, олардың отбасы мен қоғамдағы баға жетпес рөлін атап өтті. Сондай-ақ, мектеп өміріне белсене атсалысып, ұрпақ тәрбиесіне ерекше үлес қосып жүрген бірқатар ата-аналар Алғыс хаттармен марапатталды.
Шара барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әсем әндер мен жүрекке жылы тиер жыр шумақтары, мың бұралған билер мен әсерлі көріністер – барлығы да аналардың құрметіне арналды. Балалардың ыстық ықыласпен дайындаған әрбір өнері көрермендердің көңілінен шығып, жүздеріне шаттық ұялатты.
Бұл мерекелік кеш мектеп ұжымының аналар мен аруларға деген ыстық ықыласы мен құрметін білдіретін ерекше сәттердің бірі болды. Аналарымыз аман, жүзі жарқын, көңілі шат болсын! Көктемнің шуағы жүректеріңізге жылулық пен қуаныш сыйласын!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив