Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
» » Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!
22
март
2025

Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!

Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – жаңару мен жасампаздықтың, бейбітшілік пен бірліктің, мейірім мен татулықтың мерекесі. Бұл күн – табиғаттың оянып, жаңа өмір бастайтын шағы ғана емес, халқымыздың береке-бірлігін нығайтатын, дәстүрімізді дәріптейтін ұлы мейрам.
Биылғы Наурыз әрбір шаңыраққа құт-береке, ырыс-несібе әкелсін! Жаңа бастамаларға жол ашып, еліміздің дамуына өз үлесімізді қосуға шабыт берсін! Жүректеріңіз жылулық пен мейірімге толып, әр күніңіз сәттілікке, қуаныш пен жетістікке толы болсын!
Баршаңызға зор денсаулық, мол табыс, баянды бақыт тілеймін! Ұлыс оң, ақ мол болсын!
Ізгі тілекпен,
Ораз Жандосов атындағы  №30 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Сихамбекова Жансұлу Абдразаққызы.





Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив