Шымкент қаласы білім басқармасының
«№30 Ораз Жандосоватындағы жалпы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
(8723) 57-03-13
(8707) 532-77-22
Версия для
слабовидящих
14
апрель
2025

"ТҮЛЕКТЕРДІҢ АҒАШ ЕГУ" ЭКОЧЕЛЛЕНДЖІ 🌿

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 20 наурыздағы №3-05-5/2079-И хатына сәйкес "TazaLIKE FEST" жол картасы аясында "Түлектердің ағаш егу" экочелленджі ұйымдастырылды.
Аталған экологиялық акция 2025 жылдың 14 сәуір күні 11 «В» сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Іс-шара барысында мектеп түлектері мектеп ауласына шырша көшеттерін отырғызып, табиғатты аялауға, экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған игі бастамаға өз үлестерін қосты.
Бұл бастама – оқушылардың туған мектебіне деген шынайы ризашылығының, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарайтын ұрпақ қалыптастыру жолындағы белсенділігінің айқын көрінісі.
11-сынып түлектері отырғызған әрбір ағаш – олардың білім ордасындағы жарқын іздерінің, сағынышқа толы естеліктерінің символы ретінде мәңгілік сақталмақ.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив