ЖАС ОҚЫРМАНДАРМЕН "МЕНІҢ АТЫМ — ҚОЖА" КІТАБЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2024 жылғы 16-қазан күні Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде "Бір отбасы-бір кітап" балалар кітапханасы жобасы аясында балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай кітапханашы Н.П.Игнатьеваның ұйымдастыруымен 4 «Б» сынып оқушыларына "Менің атым — Қожа" кітабын таныстырды. Повесте кішкентай Қожаның мектеп жасындағы бастан кешкен әр түрлі қызықты оқиғаларын оқушылармен бірге талқылап, ой бөлісті.
Мақсаты: оқырмандардың ой-өрісін, қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, есте сақтау қабілетін жақсарту.