ӨМІРІН ӨЛЕҢМЕН ӨРНЕКТЕГЕН ФАРИЗА АҚЫН
ӨМІРІН ӨЛЕҢМЕН ӨРНЕКТЕГЕН ФАРИЗА АҚЫН Ораз Жандосов атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің кітапханасында қазақ поэзиясының жарық жұлдызы, халық ақыны, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың 85 жылдық мерейтойына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің басты мақсаты – оқушыларды Фариза ақынның бай мұрасымен таныстыру, оның өлеңдеріндегі ұлттық рухты, ана тілге деген махаббатты насихаттау. Көрмеде ақынның әр жылдары жарық көрген кітаптары, естелік жазбалары мен мақалалары,